"Көп нәрсе өзгерді": Қарақат Әбілдина күйеуі Қарақат Болманов туралы жан сырын ақтарды

/
"Көп нәрсе өзгерді": Қарақат Әбілдина күйеуі Қарақат Болманов туралы жан сырын ақтарды
ашық дереккөзден

Танымал әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында ер азаматтың қадірі туралы әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі соңғы уақытта қоғамда көп нәрсе өзгергенін, алайда ер азаматқа деген құрмет өзгермеуі тиіс екенін айтты. Оның сөзінше, ер адам – бір отбасының ғана емес, тұтас әулеттің тірегі.

"Соңғы уақытта көп нәрсе өзгерді. Заман өзгерді, көзқарас өзгерді, құндылықтар өзгерді. Бірақ өзгермеуі тиіс бір нәрсе бар болса, ол – ер азаматтың қадірі. Қазақ "Ер құласа, тау құлайды" деп бекер айтпаған. Өйткені ер адам – бір отбасының ғана емес, тұтас әулеттің, бүтін бір елдің тірегі. Жоқшылық пен тоқшылықтың арасында, қиындық пен қуаныштың арасында, сынақ пен сабырдың арасында жігіттің кім екені көрінеді. Еркек жанына батса да сырын сыртқа шығара бермейді. Қандай ауыртпалық келсе де отбасы үшін күреседі. Кейде оның үнсіз көтеріп жүрген жүгі көзге көрінбейді. Біздің Әкелеріміз қандай еді?! Көп сөйлемейтін. Бірақ ісімен үйрететін. Қас-қабағымен ұғындыратын. Отбасының амандығын бәрінен биік қоятын. Бізге адалдықтың, жауапкершіліктің, намыстың қандай болатынын көрсетіп кеткен де солар. Ал бүгін қасымызда жүрген сондай азаматтардың қадірін білуіміз керек деп ойлаймын. Өзімнің де ер азаматым осы әнді арнауға лайық жан.Отбасына ғана емес, Отанына адал қызмет етіп жүрген, ел мен ұрпақтың қамын ойлайтын азамат. Осындай ерлеріміз көп болса екен деп тілеймін. Сондықтан ердің сағы сынбауы керек. Ердің рухы сынбауы керек", – деп жазды ол. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары