«Таза Қазақстан»: Теміртауда қоғамдық орындарды ластау фактілері анықталды

/
«Таза Қазақстан»: Теміртауда қоғамдық орындарды ластау фактілері анықталды
istockphoto.com

Мемлекет басшысының бастамасы бойынша іске асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясы шеңберінде Теміртау қаласы прокуратурасының қызметкерлері уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесуге бағытталған іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қала аумағын мониторингілеу барысында қалдықтарды рұқсатсыз орналастыру және жалпы пайдалану орындарының ластануы фактілері анықталды.

Анықталған бұзушылықтар бойынша кінәлі адамдар анықталып, оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы тиісті хаттамалар жасалды және әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды.

Экологиялық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда және қала прокуратурасының ерекше бақылауында.

Азаматтарды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, қоғамдық орындарда тазалықты сақтауға, тұрмыстық қалдықтарды тек арнайы бөлінген жерлерге шығаруға және туған жерінің тазалығын сақтауға шақырамыз.

Еске сала кетейік, «Таза Қазақстан» — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған ауқымды республикалық экологиялық акция. Жоба қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және ұлттық экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары