Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы жарияланды

/
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы жарияланды
istockphoto

«Қазгидромет» бүгінге, 15 маусымға арналған дауылды ескерту жариялады. Елдің барлық өңірінде найзағай, жаңбыр, бұршақ, дауылды жел және аптап ыстық күтіледі.

Астанада жаңбыр, найзағай мен бұршақ болжанса, Алматы, Шымкент және бірқатар облыстарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы, Жамбыл, Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы 35-39 градусқа дейін көтеріледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Кей өңірлерде тұман түседі.

Синоптиктер тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға, ауа райы болжамын бақылап отыруға және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң ұстануға шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары