АҚШ-та 24 жастағы қазақстандық жоғалып кетті

/
АҚШ-та 24 жастағы қазақстандық жоғалып кетті
Әлеуметтік желіден

АҚШ-та 24 жастағы Асет Құралбай із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол Иллинойс штатындағы Чикаго маңындағы Ford Heights ауданында тұрған. Туыстарының айтуынша, Асет соңғы рет 2026 жылғы 2 маусым күні байланысқа шыққан. Ал 7 маусымнан бері оның телефоны сөндірулі болған.

10 маусым күні полиция оның Toyota Camry автокөлігін тапқан. Алайда осы уақытқа дейін азаматтың нақты қайда екені белгісіз.

Жақындары Асет Құралбайды көрген немесе оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан хабарласуды сұрады.

Туыстары ақпаратты кеңінен таратуға шақырып отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары