"Өзімді басқа бейнеде көре алмадым": Қарақат Әбілдина елге айтпаған құпиясын ашты (ВИДЕО)

/
"Өзімді басқа бейнеде көре алмадым": Қарақат Әбілдина елге айтпаған құпиясын ашты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Қазақстандық әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында ұзын шашының өзі үшін ерекше мағынаға ие екенін айтып, оқырмандарына үндеу жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі ауыл мен қаладан алған тәрбиесі өмірлік көзқарасына әсер еткенін жазды. Оның айтуынша, ауыл оған қарапайымдылық пен кеңдікті үйретсе, қала талғам, ізденіс және таңдау еркіндігін сезіндірген.

"Ауылдың да, қаланың да тәрбиесін қатар көрдім – екеуінен де өзіме керегін алдым. Ауылдан – қарапайымдылық пен кеңдікті, қаладан – талғам, талпыныс, таңдауды үйрендім. Ес білгелі менің шашым ұзын болды… Ұзын бұрым мен үшін тек сыртқы сұлулық емес, ол кешегі аналарымыздан үзілмей жеткен нағыз қазақ қызының бейнесін айшықтайтын, нәзіктігі мен тектілігін айқындайтын үнсіз сабақтастық.

Эстрада сахнасына шыққан алғашқы жылдары ғой, стилист мамандар сырт келбетім мен образымды өзгертуге көп ұсыныс жасады. Бірақ мен өзімді басқа бейнеде көре алмадым. Өйткені мен үшін сахна – эксперимент алаңы емес, жан дүниең мен ішкі болмысыңның көрінісі. Эстрада мен ұлттық өнер екі түрлі жанр болғанымен , үнің де, әнің де бір жүректен шығады. Ал қос бұрымым – сол екі әлемді жалғап тұрған, Қарақаттың табиғи болмысы", – деп жазды өнер иесі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар