40 жастағы астаналық тұрғын саябақта әдепсіз әрекет жасап, елдің ашуын туғызды (ВИДЕО)

/
40 жастағы астаналық тұрғын саябақта әдепсіз әрекет жасап, елдің ашуын туғызды (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Астанада 40 жастағы ер адам қоғамдық орында әдепсіз әрекет жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Ол саябақта отырып, жыныс мүшесін көрсеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астана полиция департаментінің мәліметінше, 102 арнасына қаладағы саябақтардың бірінде ер адамның жыныс мүшесін көрсетіп отырғаны туралы хабарлама түскен.

"Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, 40 жастағы құқық бұзушыны ұстады. Медициналық куәландыру нәтижесіне сәйкес, ер адамның алкогольдік мас күйде болғаны анықталды", – деп хабарлады полиция.

Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша ұсталған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

"Мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпті өрескел бұзады және заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады. Азаматтарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтап, айналасындағы адамдарға құрметпен қарауға шақырамыз", – деп мәлімдеді Астана полициясы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары