Қонаевта Бердібек Соқпақбаевтың ескерткішімен әдепсіз фотосессия жасаған жігіт жазаланды

/
Қонаевта Бердібек Соқпақбаевтың ескерткішімен әдепсіз фотосессия жасаған жігіт жазаланды
instagram.com/sergek_almaty_

Қонаев қаласында Бердібек Соқпақбаев пен оның әйгілі "Менің атым Қожа" повесінің кейіпкерлеріне арналған ескерткіш маңында әдепсіз суретке түскен жасөспірімге қатысты іс сотта қаралды, деп turkystan.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Қонаевтағы орталық саябақта орналасқан ескерткіш жанында жасөспірімдердің бейәдеп әрекет жасағаны туралы жазба тараған еді. Желі қолданушылары олардың бұл қылығын жазушы мен оның шығармасына құрметсіздік деп бағалаған.

Жазбада жаңа арт-нысандар мен ескерткіштер кейбір жасөспірімдер үшін мақтаныш орны емес, хайп үшін суретке түсетін жерге айналып бара жатқаны айтылған. Сондай-ақ ескерткішке аяқпен шығып, оны ұрып жатқандай кейіпте суретке түсу жай әзіл емес екені атап өтілген.

Осы оқиғаға байланысты Алматы облысы Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды. Ол ұсақ бұзақылық бабымен жауапқа тартылған.

Сот баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірім ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Дегенмен сот шешім шығару кезінде бірқатар жеңілдететін мән-жайды ескерген.

Атап айтқанда, жасөспірімнің ата-ана қамқорлығынсыз қалғаны, оқу орнынан оң мінездеме берілгені, бұрын құқық бұзушылық жасамағаны және істеген ісіне өкінгені назарға алынған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар