Астанада жүргізуші жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

/
Астанада жүргізуші жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен
Аlmaty.tv

Астанада жол талғамайтын көлік жүргізушісі жасөспірімді қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған, деп turkystan.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желіде тараған видеода жасөспірімнің бағдаршамның жасыл түсі жанған кезде жолдан өтіп бара жатқаны көрінеді. Сол сәтте оны көлік қағып кеткен. Абырой болғанда, бала ауыр жарақат алмаған және орнынан өзі тұрған.

Алайда жүргізуші тоқтап, жасөспірімнің жағдайын білудің орнына, оқиға орнынан кетіп қалған. Полиция мәліметінше, көлік тізгіндеген адамның жеке басы анықталды. Көлік айып тұрағына қойылған.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары жаяу жүргіншінің жеке басын анықтап, оқиғаның барлық мән-жайын зерделеп жатыр.

"Жол-көлік оқиғасына байланысты тексеру жүргізілуде. Жаяу жүргіншінің жеке басы анықталып, оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты зерделенгеннен кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады", – деді полиция департаменті баспасөз қызметінің инспекторы Сайран Кильдибекова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар