ШҚО-да екі ауылда улы жыландар қаптап кетті

/
ШҚО-да екі ауылда улы жыландар қаптап кетті
pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ауылдың тұрғындары улы жыландардың көбейгеніне алаңдап отыр. Теректі және Некрасовка ауылдарының маңында бауырмен жорғалаушылар жиі көріне бастаған, деп turkystan.kz тілшісі Устинка LIVE басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті тұрғындар Қарабұйрат орманшылығы маңында улы жыландар пайда болғанын айтқан. Мамандар Тарбағатай қорығы аумағында тексеру жүргізіп, бұл ақпаратты растады.

Зоологтардың айтуынша, жыландардың белсенді болуына топырақтың қатты қызуы себеп болуы мүмкін. Бұл аумақта сұр жыландар мен қалқантұмсық жыландар мекендейді. Мамандар олардың улы екенін және адамға қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті.

Әзірге ауыл тұрғындары арасында жылан шағу дерегі тіркелмеген. Мамандар ауа райы бірқалыпқа түскен соң жыландар қайтадан індеріне кетуі мүмкін екенін айтты.

Тұрғындарға абай болып, орманды және шөпті жерлерде сақтық шараларын ұстану ұсынылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары