"Өнер қырандары" әзіл-сықақ театрының директоры Мадияр Серікбаев актер Меліс Наурызбековтің денсаулығына қатысты мәлімет айтты, деп turkystan.kz тілшісі Sn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оның сөзінше, актердің белі сыр беріп, оған операция жасалған. Дәрігерлер оған ұзақ уақыт тынығуға кеңес бергенімен, Меліс Наурызбеков гастрольдік сапарға шығып кеткен.
"Меліс денсаулығына байланысты жатып қалды. Гастрольдің алдында операция жасаған. Негізі 6 ай жат, тұрма деген. Амал жоқ концертке шығып кетті. Талдықорғанға әрең барып келгенде 1 рет емдетті. Тағы да тұра алмай қалған. Концертке ауруды басатын дәрі егіп шықты. Белден төмен қарай істемей қалып жатыр аяғы. Тұра алмай жатыр. Алла шипасын берсін. Дұғада болыңыздар", – деді ол.