Қордайда жантүршігерлік жол апаты болды

/
Қордайда жантүршігерлік жол апаты болды
видеодан скриншот

Жамбыл облысының Қордай ауданында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 1 маусым күні сағат 15:00 шамасында тасжолда болған. Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, Lexus автокөлігінің жүргізушісі жол қоршауына жанай соғылған. Соққыдан кейін көлік айналып кетіп, жолдың жүріс бөлігінде тоқтаған.

Біраз уақыттан соң тоқтап тұрған Lexus көлігіне Tank 500 автокөлігі соғылған. Оның жүргізушісі дер кезінде тежеп, соқтығысудың алдын ала алмаған. Жол апаты салдарынан Tank 500 көлігінің жүргізушісі көз жұмды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтауда.

Осы уақытта жол апатына қатысушылардың бірінің туыстары Threads әлеуметтік желісіндегі аккаунт арқылы оқиға куәгерлерін немесе апаттың бейнежазбасын іздестіріп жатыр.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары