Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты сот отырысы басталды

/
Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты сот отырысы басталды
Ғаламтор

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Әл-Фараби даңғылында болған резонансты жол-көлік оқиғасы бойынша негізгі сот талқылауы басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотталушы Александр Пак денсаулық жағдайына байланысты сот залына келе алмады. Алайда ол сот процесіне Zoom арқылы онлайн қатысты. Аяғының ауруына байланысты судья Еркін Майшинов оған сұрақтарға отырып жауап беруге рұқсат берді.

Сонымен қатар, сот отырысына жол апатынан қаза тапқан Томирис Қыдырбек, Еламан Тілемесов және Құмар Тенелбаеваның туыстары – жәбірленуші тарап өкілдері де келмеді.

Бұған дейін сотталушы Александр Пак жәбірленушілердің отбасыларынан кешірім сұраған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары