Риддерде 1 шілдеден бастап ыстық су өшіріледі

/
Риддерде 1 шілдеден бастап ыстық су өшіріледі
Pixabay

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында шілде айында үйлерге ыстық су беру уақытша тоқтатылады.

«Шығыс Жылу» АҚ мәліметінше, жылу электр орталығының негізгі және қосалқы жабдықтарына жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Соған байланысты орталық 1-25 шілде аралығында жұмыс істемейді.

Осы кезеңде ыстық су беру уақытша тоқтатылады. Бұдан бөлек, шілде айында қаланың әртүрлі аудандарындағы 17 учаскеде жылу желілерін күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Бұл жұмыстар тамыз айында да жалғасады. Осыған байланысты кейбір аумақтарда ыстық су уақытша өшіріледі. Алайда шектеу бүкіл қалаға бірдей емес, жөндеу жүргізілетін учаскелерге ғана қатысты болады, — делінген ақпаратта.

Сол себепті шілде айының 25-не дейін Риддердегі үйлер ыстық сусыз қалады. Ал тамыз айында ыстық су тек жылу желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізілетін аудандарда ғана уақытша тоқтатылмақ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары