Табадағы майдың тұтануы пәтердегі өртке себеп болды (ВИДЕО)

/
Табадағы майдың тұтануы пәтердегі өртке себеп болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға табадағы майдың тұтануы себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өрт елордадағы Қалдаяқов көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Жалын 22 қабатты үйдің жетінші қабатындағы пәтерден шыққан.

Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетіп, өртті қысқа уақыт ішінде сөндірді. Жалын шарпыған аумақ 10 шаршы метрді құрады.

Құтқарушылар келгенге дейін үй тұрғындары ғимараттан өз бетімен шығып үлгерген. Төтенше жағдай кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Өрт сөндіру жұмыстары барысында құтқарушылар пәтерден мысықты алып шығып, оған алғашқы көмек көрсетті.

ТЖМ мәліметінше, өрттің алдын ала себебі – табадағы майдың тұтануы. Қазір оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары