Танымал продюсер Мөлдір Мұқан қыздарын тұрмысқа беру туралы ойын бөлісті, деп turkystan.kz тілшісі Sn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Өнер иесінің айтуынша, қыздарының тағдырына жазылған сәт келсе, ол бұған қарсы болмайды. Дегенмен ана жүрегі үшін қызын ұзату оңай емес екенін жасырмады.
"Бұйырған уақытында шығады. Жоғарыдан келген бұйрыққа қарсы шыға алмаймыз. Мен тұрмысқа шыққанда қандай көңіл-күйде боласың дегенде мен көз алдыма елестетіп, орнымнан тұрып кеттім. Сосын жылап жібердім. Тағы жылайын деп тұрмын. Біреудің қызы кеткенде байқамаймыз. Ал өзіңнің қызың кеткенің ойлағанда көхге еріксіз жас келеді. Оңай емес. Ана жүрегіне ауыр екен ондай нәрсе. Саналы түрде түсінеміз бірақ жүрек қимайды", – деді ол.