Өскеменде дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған науқасты аман алып қалды

/
Өскеменде дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған науқасты аман алып қалды
shutterstock.com

Өскеменде дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған науқастың өмірін сақтап қалды. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

Жас жігіт ауруханаға ауыр жарақатпен, өте ауыр жағдайда түскен. Ота кезінде оның жүрегі тоқтап қалған. Алайда дәрігерлер жедел әрекет етіп, науқасты аман алып қалды.

Дәрігерлерген бір сағаттан астам уақыт бойы кезекпен жүрекке тікелей массаж жасауға тура келген. Жағдайды күрделендірген тағы бір жайт – науқастың бұған дейін жүрек қарыншаларының біріне ота жасатқан болуы. Мұндай жағдайларда дәрігерлерден өте жылдам шешім қабылдау және бүкіл медициналық топтың үйлесімді жұмысы талап етіледі.

Отаға қатысқан дәрігер Қуаныш Жүнісов Instagram парақшасында адамның жүрегін қолында ұстап тұрған сәтте хирург не сезінетінін жазды.

"Өзгенің жүрегін қолда ұстау хирург үшін өмірдің символы ғана емес шығар. Бұл – қолың мен адамның өмірі арасында ешқандай арақашықтық қалмайтын сәт. Мұндай кезде бір жағынан толқу, жауапкершілік пен болып жатқан жағдайдың шынайылығына сенбеу сезімі болады. Екінші жағынан, бұл романтикаға немесе символикаға ұқсамайды. Бұл – әр қимылың адам өміріне әсер ететін аса жинақы жұмыс", – деп жазды дәрігер.

БАҚ мәліметінше, ер адам кейін оңалту курсынан өтіп, қалыпты өмірге қайта оралған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары