Солтүстік Қазақстанда жол апаты болып, екі адам қаза тапты

/
Солтүстік Қазақстанда жол апаты болып, екі адам қаза тапты
istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысында 19 мамыр күні Петропавл – Жезқазған автожолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

СҚО полиция департаментінің мәліметінше, Шал ақын ауданындағы Кеңес пен Жаңажол ауылдарының арасында «Нива» және ГАЗель NEXT көліктері соқтығысқан.

«ЖКО салдарынан “Нива” көлігінің 45 жастағы жүргізушісі мен 40 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі адам зардап шекті: біреуі ауруханаға жатқызудан бас тартса, екіншісі аудандық ауруханада жатыр. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция департаменті мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтауды, маневр жасау ережелерін бұзбауды және көліктің техникалық жағдайын бақылауда ұстауды ескертті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары