Астанада 16 қабатты үйден өрт шықты (ВИДЕО)

/
Астанада 16 қабатты үйден өрт шықты (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Астанада тұрғындар 16 қабатты тұрғын үйде шыққан өртті видеоға түсіріп алған. Құтқарушылардың мәліметінше, алтыншы қабаттағы пәтер өртенген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram арнасындағы ақпаратына сәйкес, өрт Нұра ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде болған.

Пәтердің асүйі мен балконында үй заттары жанған. Өрт шарпыған аумақтың жалпы көлемі 15 шаршы метрді құраған.

"Хабарлама түскеннен кейін ТЖМ бөлімшелері оқиға орнына жедел жетіп, бірден өрт сөндіруге кірісті. Өрт толықтай сөндірілді. Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында жалынның пәтердің басқа бөлмелеріне таралуына жол берілмеді", – деп хабарлады ТЖМ.

Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары