Жетісу облысында полиция қызметкері қағып өлтірді деген 39 жастағы келіншек Жетісу облысында жер қойнына тапсырылды. Марқұмның артында кәмелетке толмаған екі баласы қалған, деп хабарлайды turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Марқұм келіншек те бұрын полицияда істеген. Жақындары оның қазасына күйеуін кінәлап отыр. Олар Балқаш ауданының полиция бөлімінде орынбасар болып қызмет атқарған күйеу бала келіншекті қасақаны таптап өлтірген деген нұсқаны айтып отыр. Тізгіндегі азаматтың қызметі туралы бұған дейін ақпарат құралдары да жазған болатын.
Дегенмен Алматы облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растаған да, жоққа да шығарған жоқ. Тек оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынғанын хабарлады.