Ақтауда жаяу жүргіншілер жолағында әйелді көлік қағып кетті (ВИДЕО)

/
Ақтауда жаяу жүргіншілер жолағында әйелді көлік қағып кетті (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Ақтауда жаяу жүргіншілер жолағында 46 жастағы әйелді көлік қағып кетті. Полицияның мәліметінше, жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жол апаты болған сәттің видеосы Instagram желісіндегі 112_aktau парақшасында жарияланды.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 18 мамыр күні Ақтау қаласында болған.

"13 және 17-шағынаудандардың арасында орналасқан жаяу жүргіншілер жолағында өткелінде Nissan Tiida көлігін басқарған 26 жастағы жүргізуші 46 жастағы әйелді қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен әйел медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған дерек бойынша жүргізуші Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды", – деп хабарлады полиция.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар