Ұлттық ұлан қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті

/
Ұлттық ұлан қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті
Ұлттық ұлан

Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері капитан Азамат Нұрпейісовты еске алуға арналған чемпионат мәресіне жетті. «Береке» спорт кешенінде өткен жарыста 50 ұландық жауынгер күш сынасты. Үш күнге созылған сайыста жеті команда өкілдері жеті салмақ дәрежесіндегі жүлделерді сарапқа салды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Татами төріне шыққан жігіттер алғашқы күннен-ақ қоян-қолтық ұрыстан шеберліктерін байқатып, сайыстың көркін қыздырды. Биыл бесінші рет өткізіліп отырған турнирде талантты жастар көп көзге түсті. Финалдық кездесулер де тартысқа толы болды.

Жалпы командалық есепте I орынды «Батыс» өңірлік қолбасшылығының командасы иеленді. ІІ орын Ұлттық ұлан академиясына бұйырды. Ал «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы ІІІ орынға тұрақтады.

Жеңімпаздарды Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бекайдар Қазкеев, «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковник Нұрлан Мұхамедов және Азамат Нұрпейісовтың әкесі Ерік Қабдуллаұлы бастаған құрметті қонақтар марапаттады.

Айта кетейік, жекелей сында жеңімпаз атанған спортшылар алда болатын Қазақстан кубогына дайындалады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары