Еліміз Түркияның «Түркі мемлекеттері ұйымы +» форматын құру бастамасын қолдады – Президент

/
Еліміз Түркияның «Түркі мемлекеттері ұйымы +» форматын құру бастамасын қолдады – Президент
Ақорда

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде «Түркі мемлекеттері ұйымы +» форматын қолдай отырып, оған қосылатын елдер мен ұйымдарға нақты талаптар белгілеу қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымын жан-жақты дамытуға мүдделі.

Бүгінде біздің Ұйымға халықаралық қауымдастық сенім білдіріп отыр. Абырой-беделіміз де артып келеді.

Осы орайда Қазақстан Ресейдің «Алтай – түркі өркениетінің бесігі» жобасына оң көзқарасын білдірді. Бұған қоса, біз «Алтай сұхбат алаңы (диалогі)» форумын құру жөніндегі ұсынысымызды жарияладық.

Еліміз Түркияның ынтымақтастық аясын кеңейтуге бағытталған «Түркі мемлекеттері ұйымы +» форматын құру бастамасын қолдады.

Осы форматқа қосылуға ниет білдірген мемлекеттер мен ұйымдарға қатысты нақты өлшемдер болу қажет деп санаймын», – деді Президент.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар