Технологиялық даму кез келген мемлекеттегі тұрақтылық пен қауіпсіздік факторына айналды – Тоқаев

/
Технологиялық даму кез келген мемлекеттегі тұрақтылық пен қауіпсіздік факторына айналды – Тоқаев
istockphoto.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемде болып жатқан технологиялық өзгерістер мен күшейген жаһандық бәсекелестік жағдайында цифрлық трансформация мен жасанды интеллектті дамыту түркі елдерінің басты басымдығына айналуы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қазір бүкіл әлем бұрын-соңды болмаған өзгерістермен бетпе-бет келді. Жаңа сын-қатерлер пайда болды.

Дүние жүзінде технологиялық бәсеке күшейді, яғни, инновациялық тұрғыдан озық ел болу мақсаты алдыңғы қатарға шықты.

Технологиялық даму кез келген мемлекеттегі тұрақтылық пен қауіпсіздік факторына айналды.

Бұл – цифрлық трансформацияға дер кезінде бет бұрған елдер көш соңында қалмайды деген сөз.

Сондықтан Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер технологиялық жаңғыру үдерісінен тыс қалмауы үшін бірлесе жұмыс істеуі керек деп санаймыз.

Жасанды интеллект пен цифрландыру үдерісі түркі әлемінің дамуына жол ашуға тиіс», - деді Қ. Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар