Қызылордада 14 жыл бұрынғы қылмыс ашылды

/
Қызылордада 14 жыл бұрынғы қылмыс ашылды
istockphoto

Қызылорда облысында 14 жыл бұрын пышақ жарақатынан көз жұмған жасөспірімнің ісі ашылды, деп хабарлайды turkystan.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

2012 жылдың қазан айында Қармақшы ауданының Жосалы кентінде болған төбелес кезінде жасөспірім пышақ жарақатын алған. Ол аудандық ауруханада есін жимастан көз жұмған.

"Осы оқиғадан кейін төбелеске қатысқан барлық адам анықталып, тексерілген. Алайда тікелей дәлелдер мен куәгерлердің болмауына байланысты қылмыс ұзақ жылдар бойы ашылмай келген", - дейді полицейлер.

Биыл жедел тергеу тобыны басты куәгерді тауып, оқиғаның барлық мән-жайын тізбектеп шықты. Күдікті де анықталды. Ол басқа ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жүрген. Оны қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторына жеткізген.

"Жиналған дәлелдердің арқасында ол өз кінәсін мойындады. Тергеу барысында қылмысқа жастар арасындағы өзара араздық пен жанжал себеп болғаны анықталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр, қылмыстық іс сотқа жолданды", - дейді ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары