Бауыржан Ибрагимовке қымбат көлік сыйға берілді (ВИДЕО)

/
Бауыржан Ибрагимовке қымбат көлік сыйға берілді (ВИДЕО)
жеке парақшасынан

Атыраулық Алмат есімді жігіт танымал сатира актері Бауыржан Ибрагимовке көлік сыйлады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жас жігіттің айтуынша, бұл сый – актердің өнеріне деген құрмет пен алғыстың белгісі.

«Ол кісі – қазақ әзілінің парвозы. Әзілдерін бала кезімізден естіп өстік. Өнерін қатты құрметтеймін», – деді Алмат.

Күтпеген сыйлыққа таңғалған актер алғашында сенбей тұрғанын жасырмады. Ол өз кезегінде ризашылығын білдіріп, бұл жағдайдың шынайы ықыласпен жасалғанына тоқталды.

«Осындай інілердің барына шүкір, құрметті халайық. Бұл шын жүректен болып жатқан нәрсе. Айып етпеңіздер», – деді Бауыржан Ибрагимов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар