Абай облысында республикалық маңызы бар «Өскемен – Семей» автомобиль жолының 147-198 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жалпы ұзындығы 51 шақырымды құрайтын бұл учаскеде асфальтбетон жамылғысы жонылып, жол жабыны жаңартылады.
Құрылыс жұмыстары аясында қазіргі уақытта ұзындығы 44,8 шақырым аумақта ұсақ түйіршікті асфальтобетон жабыны төселді. Бұл жобаны іске асыруға 23 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Атқарылып жатқан жұмыстар жол сапасын арттыруға, көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және пайдаланушылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.