Тениисші Алан Құрманғалиев пен Зәуреш Ақашева Түркиядағы турнирде жүлдегер атанды

/
Тениисші Алан Құрманғалиев пен Зәуреш Ақашева Түркиядағы турнирде жүлдегер атанды
Оlympic.kz

Қазақстандық үстел теннисшілері Алан Құрманғалиев пен Зәуреш Ақашева Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен WTT Feeder Istanbul турнирінде жүлдегер атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандастарымыз аралас жұптық бәсекеде қола медаль жеңіп алды.

Жарыс барысында қазақстандық жұп Хакан Ышық/Өзге Йылмаз (Түркия) жұбын 3:2, Эдвард Ли/Мо Чжан (Канада) тандемін 3:0, сондай-ақ Анастасиос Риниотис/Элисавет Терпу (Грекия) жұбын 3:1 есебімен жеңді.

Алайда финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде Чхве Дживук/Ким Ынсо (Оңтүстік Корея) жұбына 1:3 есебімен есе жіберіп, турнирді қола медальмен аяқтады.

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар