ШҚО-да аяғы мотоблокқа қысылып қалған ер адам құтқарылды

/
ШҚО-да аяғы мотоблокқа қысылып қалған ер адам құтқарылды
ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында мотоблокқа аяғы қысылып қалған ер адамға құтқарушылар жедел көмек көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылып, ер адамның аяғын босату үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары тартылды. Мамандар жағдайды бағалап, мотоблоктың құрылымдық бөліктерін абайлап ажырату арқылы зардап шеккен азаматты босатты.

Құтқару жұмыстары сәтті аяқталғаннан кейін ер адам медициналық тексеруден өту және қажетті көмек алу үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары