Астана – Петропавл автожолында орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр

/
Астана – Петропавл автожолында орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр
ҚазАвтоЖол

Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 473-483 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жөндеу жұмыстары жүргізілгіп жатқан учаскенің жалпы ұзындығы 10 шақырым.

Қазір 155 мың шаршы метр аумақта жону жұмыстары жүргізілді және 13,6 мың тонна асфальтбетон қоспасынан тегістеу қабаты төселді.

Аталған жобаны жүзеге асыруға 25 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Жөндеу жұмыстары жол сапасын арттыруға және көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары