«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
13 мамырда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Жезқазған, Балқаш, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Қарағанды, Теміртау қалаларында күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.