Түркістан облысында жылына 8 мың тонна метал өндіретін зауыт іске қосылады

/
Түркістан облысында жылына 8 мың тонна метал өндіретін зауыт іске қосылады
Түркістан Өңірлік Коммуникация Қызметі

Түркістан облысы Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округінде жылына 8 мың тонна метал өнімдерін өндіретін зауыт іске қосылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазір нысан құрылысының 90 пайызы аяқталып, кәсіпорынды іске қосуға қажетті рұқсат құжаттарын рәсімдеу жұмыстары атқарылуда.

Жобаның жалпы инвестициялық құны – 2 млрд 135 млн теңге. Өндіріс орны толық іске қосылған жағдайда 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізеді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты - жылына 8 мың тонна.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары