Атыраудағы қанды оқиға: Сот отырысы қашан басталатыны белгілі болды

/
Атыраудағы қанды оқиға: Сот отырысы қашан басталатыны белгілі болды
АқЖайық

Атырау облысы Жангелдин ауылындағы қоғамда үлкен резонанс тудырған бір отбасыны өлтіру ісі бойынша сот отырысы қашан басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

АқЖайық басылымының мәліметінше, істі өңірде ең күрделі әрі резонансты қылмыстық процестерді жүргізіп келе жатқан тәжірибелі судья Зарема Хамидуллина қарайды.

Алғашқы сот отырысы 18 мамыр күні сағат 11:00-де өтеді. Процесс ашық режимде жүргізілмек.

Басты айыпталушы – Сұлтан Сәрсемалиев қазір Атырау тергеу изоляторында сотты күтуде.

Еске сала кетейік, Сәрсемалиев төрт адамды – қайын атасы мен енесін, сондай-ақ жұбайының бауыры мен сіңлісін өлтіргенін мойындаған. Үлкендердің денесі үйдің сарайында көмілген күйде табылды. Тағы екі адамды тергеу дерегіне сәйкес, бұрын жұбайымен тұрған уақытша баспананың жанында жерлеген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары