Бибісара Асаубаева өзбекстандық шахматшымен бірге көзге түсті (ФОТО)

/
Бибісара Асаубаева өзбекстандық шахматшымен бірге көзге түсті (ФОТО)
ашық дереккөзден

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Румыния астанасы Бухарестке барып, өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаров қатысатын беделді турнир алдында оған қолдау білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шахматшы әлеуметтік желідегі парақшасында Синдаровпен бірге түскен видеоны жариялаған. Желі қолданушылары қос шахматшының бірге жүрген сәттерін қызу талқылап жатыр.

Grand Chess Tour 2026 турнирінің кезекті кезеңі 12 мамырда Румынияда өтеді. Байрақты бәсекеде Фабиано Каруана, Аниш Гири, Алиреза Фирузджа және Уэсли Со сынды әлемнің мықты шахматшылары өнер көрсетеді.

Әлем чемпиондығына үміткерлер турнирінің жеңімпазы атанған Жавохир Синдаров Grand Chess Tour сериясына алғаш рет қатыспақ. Турнирдің жүлде қоры 475 мың долларды құрайды.

Ал Бибісара бұл жарысқа қатыспайды. Сондықтан көпшілік оның Бухарестке жақын досын қолдау үшін барғанын айтуда. Қазір екеуі қалада бірге серуендеп жүргені байқалады.

Айта кетейік, Бибісара Асаубаева қатысатын келесі турнир – Norway Chess Women 2026 мамыр айының соңында басталады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары