Каспий теңізінде жағаға жете алмай қалған ер адам құтқарылды

/
Каспий теңізінде жағаға жете алмай қалған ер адам құтқарылды
ТЖМ

ТЖМ құтқарушылары Каспий теңізінің жағалауында патрульдеу жүргізу барысында  жағадан шамамен 400 метр қашықтықта ашық теңізде қалған адамды байқаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына жетіп, қайықтағы ер адамды жағаға жеткізді.

Белгілі болғандай, ер адам мотор орнатылмаған қайықпен суға шыққан. Күшті желдің салдарынан қайықты ағыс пен жел ашық теңізге қарай алып кетіп, ол өздігінен жағаға қайта орала алмаған.

Құтқарылған азамат медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

ТЖМ су айдындарына шығар алдында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді:

  • ауа райы болжамын алдын ала тексеріңіз;
  • құтқару кеудешесін киіңіз;
  • техникалық жарамды қайықтарды ғана пайдаланыңыз;
  • қатты жел кезінде суға шықпаңыз.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары