Атырауда Жангелдин ауылындағы бір отбасының өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz Атырау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
«Ақ Жайық» басылымы таратқан мәліметке сүйенсек, іс бойынша басты күдікті – Сұлтан Сәрсемәлиев кінәсін мойындаған. Қазір ол сотты тергеу изоляторында күтіп отыр.
Басылым мәліметінше, оған «Екі немесе одан да көп адамды өлтіру» бабы бойынша айып тағылған. Сонымен қатар қаза тапқан отбасының малын сату және банк карталарындағы ақшаны жымқыруға қатысты эпизодтар да тергеліп жатыр.
Сондай-ақ барлық тергеу әрекеттері аяқталып, іс материалдары жақын күндері сотқа жіберілетініні белгілі болды. Сот процесі осы айда басталуы мүмкін.
Сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Алайда кейбір БАҚ-та күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұрғаны туралы жарияланған ақпаратты біз таратқан жоқпыз, – деп мәлімдеді прокуратура.