Атырауда көлік ішінен отшашу атқандар қамауға алынды

/
Атырауда көлік ішінен отшашу атқандар қамауға алынды
istockphoto

Атырау қаласында бірнеше азамат жол бойында қауіпті маневр жасап, автокөлік ішінен әуеге отшашу атқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атырау облыстық ПД мәліметінше, көлік жүргізушісіне жол қозғалысы қағидаларын бұзып, қауіпті маневр жасап, авариялық жағдай тудырғаны үшін және жолаушысының көлік терезесінен денесін шығарған күйде көлік басқарғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Аталған тұлғаларға қатысты ұсақ бұзақылық, елді мекендерде пиротехникалық бұйымдарды қолдану және түнгі тыныштықты бұзу деректері бойынша да әкімшілік шаралар қабылданды. Бұзақылық дерегі бойынша жүргізуші мен жолаушы әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік арнаулы тұраққа қойылды, - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция жол қозғалысы кезінде жасалған кез келген құқық бұзушылық заң аясында жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары