Өскеменде суға кеткен жігіттің денесі табылды

/
Өскеменде суға кеткен жігіттің денесі табылды
Видеодан скриншот

2003 жылы туған марқұмның денесін құтқарушылар 9 мамыр күні тапқанын Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға 3 мамыр күні болған. Құтқарушылардың мәліметінше, ер адам Үлбі өзенінің арнайы шомылуға жабдықталмаған жерінде суға түскен.

Марқұмның денесі Степное ауылы маңынан, оқиға орнынан шамамен екі шақырым жердегі тайыз судан табылған.

Іздеу жұмыстары бір аптаға жуық уақытқа созылды. Күн сайын оған ТЖД қызметкерлері, полиция қызметкерлері мен еріктілер қатысты. Жағалау аумағын тексеру үшін дрондар да қолданылды, – деді ТЖД.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары