Шығыс Қазақстан облысындағы шахтада жұмысшы көз жұмды

/
Шығыс Қазақстан облысындағы шахтада жұмысшы көз жұмды
istockphoto

Шығыс Қазақстан облысында «Востокцветмет» ЖШС-ге қарасты Артемьев шахтасында жазатайым оқиға болып, жұмысшы көз жұмды.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 9 мамыр күні жөндеу жұмыстары кезінде болған.

Шаң-сору және желдету қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлап, көз жұмды, - деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Компания қаза болған қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оның отбасына қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі, - деп мәлімдеді «Востокцветмет» ЖШС өкілдері. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар