Көлік ағаштарды жайпап кеткен: 18 жастағы жүргізуші ауыр жол апатына түсті (ВИДЕО)

/
Көлік ағаштарды жайпап кеткен: 18 жастағы жүргізуші ауыр жол апатына түсті (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Ақтөбеде 18 жастағы жүргізуші ауыр жол апатына түсіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 8 мамыр күні Әбілқайыр хан даңғылында болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Ford көлігін тізгіндеген жас жігіт рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі ағаштарға соғылған.

Жол апаты салдарынан жүргізуші түрлі дене жарақатын алып, оқиға орнынан ауруханаға жеткізілген. Сондай-ақ көлік соққысынан үш ағаш зақымданған.

Полиция өкілдері жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша хаттама толтырылғанын мәлімдеді. Аталған бап жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан адам денсаулығына зиян келтіру немесе мүлікке залал келтіру жағдайларына қатысты қолданылады.

Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер апат орнын тазалап, құлаған ағаштарды алып кеткен.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары