Талғат Орынбасар Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды

/
Талғат Орынбасар Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды
Оlympic.kz

Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде финалдық кездесулер басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық дзюдошы Талғат Орынбасар 60 келіге дейінгі салмақтың финалында моңғолиялық Сухбат Бямбасурэнмен кездесті. Белдесудің қорытындысы бойынша моңғолиялық спортшы мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Осылайша Талғат Орынбасар жарысты күміс медальмен аяқтады.

Дәл осы салмақта бұған дейін Шерзод Давлатов отандасы Мағжан Шамшадиннің жарысқа шықпайтынына байланысты қола жүлдеге ие болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары