Құқық бұзушылықтардың дені мас күйде жасалады. Осыған байланысты Абай облысының полиция қызметкерлері жүйелі түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіп, құқық бұзушылықтарға жол бермеу бағытында нақты шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полиция қызметкерлерінің тұрақты рейдтері, қоғамдық орындардағы бақылау және түсіндіру жұмыстары тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге орасан үлес қосып отыр.
— Біздің басты мақсатымыз – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әрбір рейд, әрбір түсіндіру жұмысы – қоғамдық тәртіп пен заңдылықты сақтау үшін жасалуда. Біз азаматтардың өз үйлерінде, көшелерде және қоғамдық орындарда қауіпсіздік сезінуіне кепіл боламыз, – деді Абай ауданы полиция бөлімінің бастығы Қаратаев Ержан.
Профилактикалық іс-шара барысында Абай ауданы Қарауыл ауылындағы “Еңлік-Димаш” кафесінің иесі өз еркімен спирттік ішімдіктерді сатудан бас тартты. Бұл қадам қоғам үшін маңызды әрі үлгі боларлық әрекет болып отыр.
Қазір Қарауыл ауылындағы кафелердің барлығында алкоголь өнімі сатылмайды, ал полиция қызметкерлері тұрақты бақылауды жалғастырып, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуде.