Абай облысында кәсіпорын 185 жұмыскердің зейнетақы төлемдерін аудармаған

/
Абай облысында кәсіпорын 185 жұмыскердің зейнетақы төлемдерін аудармаған
istockphoto.com

Жарма ауданы прокуратурасы «Жарма Су» және «Горводхоз» КМК қызметіне жүргізілген талдау барысында еңбек және салық заңнамасының өрескел бұзушылықтарын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Анықталғандай, 2025 жыл бойы аталған кәсіпорындар жұмыскерлер үшін міндетті зейнетақы, әлеуметтік және медициналық аударымдарды төлемеген. 

Соның салдарынан 185 жұмыскердің конституциялық құқықтары бұзылған. 

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде заң бұзушылықтар жойылып, жұмыскерлердің құқықтары толық қалпына келтірілді. Жалпы сомасы 15 млн теңгеден астам міндетті төлемдер өтелді. 

Кінәлі лауазымды тұлғалар жауаптылыққа тартылды. 

Азаматтардың еңбек құқықтарын сақтау және міндетті төлемдердің толық әрі уақытылы аударылуы Абай облысы прокуратурасының ерекше бақылауында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары