Қарқаралыдағы тастарға жазу жазған тұрғын ұсталды

/
Қарқаралыдағы тастарға жазу жазған тұрғын ұсталды
Фото: instagram / kar.obl.tur.klub

Полиция Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы тастарға жазу жазған вандалдың жеке басын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол Шахтинск қаласының 49 жастағы тұрғыны болып шықты.

Құқық бұзушыға қатысты «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

«Осы дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты “Ұсақ бұзақылық” бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Табиғи мұра нысандарына зиян келтіру заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз. Құқық қорғау органдары тұрғындар мен қонақтарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, табиғи байлықты сақтауға және қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады», — деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаменті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары