Өскеменде екі жігіт Согра ауданында Үлбі өзенінен жүзіп өтпек болып, суға батып кетті. Олардың бірінің денесі табылды, екіншісін іздестіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды turkystan.kz YK.KZ-ға сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта 2003 жылы туған жігіттің денесін іздеу жұмыстары жүріп жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, 2003 жылғы екі жас жігіт 2026 жылғы 3 мамырда Согра маңында Үлбі өзенінен жүзіп өтпек болып, екеуі де суға кеткен.
Олардың бірінің денесі 4 мамыр күні Степное ауылы маңындағы өзеннен табылған. Екінші жігітті іздеу жалғасуда. Іздеу жұмыстарына ТЖД сүңгуірлері тартылып, дрондар қолданылуда.
Құтқарушылардың айтуынша, Үлбі өзеніндегі күшті ағыс пен су деңгейінің көтерілуі іздеу жұмыстарын қиындатып отыр.
ШҚО ТЖД мұндай қайғылы жағдайлар судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болатынын айтып, азаматтарды сақ болуға шақырды.