Құтқарушылар Түркістан облысындағы балабақшалардың бірінен шыққан өртті сөндірді. Төтенше жағдай кезінде ғимаратта балалар болмаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
ТЖМ мәліметінше, Түркістан облысы Аден ата ауылындағы балабақшалардың бірінде өрт шыққан.
Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде бір қабатты балабақша ғимаратының шатыры жанып жатқаны анықталған. Дереу өртті сөндіру жұмыстары ұйымдастырылған. Оқиға кезінде ғимарат ішінде балалар болмаған.
"Өртті сөндіруге ТЖМ күштері жедел жұмылдырылды. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді", - делінген хабарламада.
Өрттің жалпы ауданы 244 шаршы метр болған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.