Әнші Жеңіс Ысқақова «Keshrec»бағадрламасында берген сұхбатында жолдасы жайлы айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Менің күйеуім маған ғана ән айтып береді. Тек үйде. Ол – спортшы. 35 жыл сабақ беріп жүрді. Енді бозкілемге қайта оралды. Өзінің 60 жасына қарамастан, әлем чемпионатында қол жүлде алды», - деді әнші.
Сондай-ақ өнер иесі жолдасының көрегенділік қасиеті туралы сөз етті.
«Күйеуіммен бірге жүрген ұнамайды. Үнемі тізгінімді тартып отырады. Ол – дұрыс. Өнер адам болғандықтан, арқамыз бар. Кейде қатты күліп қоямыз. Сол кезде күйеуім «жай-жай, ақырын» деп басып отырады. Негізінде ол кісі қолымнан ешқашан қаққан емес.
Концерт, түсірілім сиреп бара жатса, «Ешкім сені іздемей кетті. Өзіңнің бар екенін білдіріп, елмен хабарласып тұр» деп қамшылап тұрады», - деді ол.