Жамбыл облысында полицейлер көліктен шыққан өртті дер кезінде сөндірді

/
Жамбыл облысында полицейлер көліктен шыққан өртті дер кезінде сөндірді
Polisia.kz

Меркі ауданында тәртіп сақшылары Газель көлігінен өрт шыққанын байқаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Анықталғандай, автокөлікте бал арасының омарталары орналасқан. Өрт омарталарға арналған түтін шығаратын құрылғыны пайдалану салдарынан тұтанған.

Полиция қызметкерлері бірден жедел әрекет етіп, өрт сөндіру қызметі жеткенге дейін жалынды өз күштерімен тоқтатты. Олар арнайы құралдың көмегімен су шашып, оттың одан әрі таралуына жол бермей, ықтимал ірі қауіптің алдын алды.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Автокөлік иесі полиция қызметкерлерінің кәсіби әрі шұғыл әрекетіне ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.

Полиция азаматтарға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды, әсіресе жанғыш заттар мен арнайы құрылғыларды пайдалану кезінде барынша сақ болуды ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары