Аңшыларға түнде көру көру құрылғысын пайдалануға тыйым салынады

/
Аңшыларға түнде көру көру құрылғысын пайдалануға тыйым салынады
istockphoto.com

Мәжіліс депутаттары бастамашылық еткен аңшылық саласы және жануарлар дүниесін сақтау мәселелері бойынша заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Құжат аңшылықты дамытуға және жануарлар дүниесін қорғауды күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Заң жобасында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару тетіктері нақтыланып, аң аулау талаптары күшейтілді және мерзімдері нақты айқындалады. Сонымен қатар биологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін жануарлар санын реттеу, сирек және жойылып кету қаупі бар түрлерді тіркеу тәртібі қарастырылады.

Заң жобасында жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз иемденуді және өткізуді, тасымалдауды, сақтауды көпшілік алдында көрсеткені (жарнамалағаны) үшін, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында немесе ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде, сондай-ақ интернетте жариялағаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу көзделген. Сондай-ақ тәртіпті бұза отырып таңбаланған немесе таңбаланбаған ақбөкен мүйіздерін сақтағаны және сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Құжат аясында мемлекеттік табиғи қаумалдарда аң өсіруді дамыту, заңсыз ауланған жануарларды заңдастыруға жол бермеу үшін еріксіз және жартылай ерікті жағдайда өсірілген жануарларды тіркеу тәртібін айқындау бойынша уәкілетті органның құзыреті белгіленеді

Бұдан бөлек, түнгі көру аспаптарын (оның ішінде инфрақызыл, электрондық-оптикалық және жылувизорлық) пайдалану, сондай-ақ қорықшының еріп жүруінсіз құрлардың үйірге түсу кезеңіндегі жиналатын орындарында аң аулауға тыйым салу белгіленеді.

Сондай-ақ қорықшыларға, аңшылық шаруашылықтарының директорларына әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын жүктеуге (көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені тексеріп қарау, ұстау, жеткізу және пайдалануға тыйым салу, көлік құралдарын тексеріп қарау) бағытталады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары