Екі адам ауыр жағдайда: Шымкент тұрғыны көршілеріне пышақ ала жүгірген

/
Екі адам ауыр жағдайда: Шымкент тұрғыны көршілеріне пышақ ала жүгірген
istockphoto.com

Шымкент қаласында ер адам пышақпен екі адамға шабуыл жасаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға салдарынан екі зардап шегуші де пышақ жарақатын алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың өмірі үшін күресіп жатыр. Қазіргі уақытта олар жансақтау бөлімінде.

Зардап шеккендердің туыстарының айтуынша, күдікті – олардың көршісі. Олар ер адамның бұған дейін де өзін күмәнді, қалыптан тыс ұстағанын айтады. Алайда оның психикалық ауытқулары болуы мүмкін екені туралы ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Күдікті ұсталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары