Атырауда полиция қызметкері ер адамды өрттен құтқарып қалды

/
Атырауда полиция қызметкері ер адамды өрттен құтқарып қалды
Polisia.kz

Тәртіп сақшысы Рустам Қанатов жұмысқа бара жатып, адам өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол жол бойында үйлердің бірінің шатырынан қою түтін шығып жатқанын байқаған. Қауіпті бірден түсініп көлікті тоқтатып, қоршаудан секіріп, аулаға кірді. Аулада екі үй орналасқан, алайда өрт шыққан үйдің есігі құлыптаулы болған.

Сол сәтте екінші үйдің иесі сырттағы дауысты естіп, көмекке шықты. Екеуі бірігіп, есікті ашып, ішінде ұйықтап жатқан ер адамды сыртқа алып шыққан.

Полиция қызметкері дереу өрт сөндірушілерді шақырып, жағдайды бақылауға алады. Дер кезінде құтқарылған азаматтың жағдайы жақсы, медициналық көмек қажет болмаған. Алдын ала мәлімет бойынша өрт үйдің жылыту жүйесінен шыққан.

Бұл оқиға – полиция қызметкерінің кәсіби шеберлігі мен азаматтық жауапкершілігінің бір көрінісі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары